• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘСІПОДАҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Автор:admin

Июл 1, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бас кеңесінің отырысының мүшесі ретінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы «аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтеев Бауыржан Ілімшаұлы қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесінің құрамы туралы; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы комиссияларының жұмысы туралы; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының активтерімен басқару дирекциясының 2022 жылғы есебі туралы; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Стратегиясын жүзеге асыру мәселесі бойынша мүшелік ұйымдардың ақпараты туралы; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына мүшелік ұйымдары ұсынатын статистикалық мәліметтер тізбесі туралы; Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік» саясаты туралы; «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасын өткізу қортындысы талқыланды. Одан өзге, Бас кеңес отырысының соңында «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасының қорытындысы жарияланды.
Әлеуметтік әріптестік жүйесі бүгінде кәсіподақтардың бастамаларының арқасында жұмыс жүргізуде. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды, ең төменгі жалақы өсті және өсе береді. Ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін әзірлеу, оның ішінде, оны индексациялау бойынша кәсіподақтардың көптен бергі бастамасы бастау алды. Кәсіподақтардың ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту жөніндегі бастамасын жүзеге асыру Президенттің біздің ұстанымымызды ашық және біржақты қолдауының арқасында жүзеге асырылғанын ерекше атап өткім келеді. Мұның бәрі бізді естіп, құлақ асатындарын көрсетеді. Біз әрі қарай әрекет етуіміз керек», — деп үндеу тастады әріптестеріне Кәсіподақтар басшылығы.
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыру үшін өткен жылы ҚРКФ ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, оларды ел Президенті және әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссия қолдады: өңірлік үшжақты комиссияларды әкімдер басқарады; әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарын тең төрағалық ету тәжірибесін енгізді; кәсіподақ алаңдарында және көшпелі форматта жиналыстар өткізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика