• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love

Түлкібас аудандық сотында мемлекеттік тілдің пайыздық көрсеткішін көтеру мақсатында және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының кейбір ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Ырсымбетов, Түлкібас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Айдархан, Түлкібас аудандық адвокаттар кеңсесінің адвокаты А.Аяпбергенова, жеке сот орындаушлар Б.Байдибеков, Қ.Телемисов, Д.Берсугирова, Қ.Бекпаева, Қ.Маймақов және Түлкібас ауданы бойынша Халық банк филиалының өкілі мен «Арнұр кредит» ЖШС, «КМФ» ЖШС, «Азия несие қоры» ЖШС, «Түлкібас кредиттік серіптестігі» ЖШС микроқаржылық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Ырсымбетов ашып, өз сөзінде, жаңа заң бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздерін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау салдары, рәсімді тоқтату, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімді қабылдау мәселелерін талқылап, қатысушыларға түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық сотының мемлекеттік тілдің мекемелер арасындағы хаттарға 26 сәуір 2023 жылы жүргізілген талдаумен таныстыра келе, мемлекеттік тілдің пайыздық көрсеткішін көтеру қажеттігін атап өтті.
Іс-шара барысында сөз кезегін алған мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Айдархан өз сөзінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздері, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, оны тоқтату, сондай-ақ рәсімді аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босатуы жайлы және осы жұмыс мемлекеттік кірістер департаментінде қалай жүріп жатқаны туралы айтып өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа заңнама аясында туындаған сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Іс-шараны қорытындылап, қатысушылар тарапынан алдағы уақытта осы бағытта азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика