Іс-шараға прокуратура, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, адвокаттар, медиатор және жеке сот орындаушы қатысты.
Төраға А.Дәуренбеков өз баяндамасында қазақ тілінің дамуы мен сақталуы, еліміздің әр бір азаматының парызы екендігін айтып, Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілетініне, сондай-ақ қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылатындығына тоқталды.
Іс-шара соңында, сот төрағасы дөңгелек үстелге қатысушыларға талап қоюлардың, арыздардың, әкімшілік хаттамалардың, айыптау актілерінің сотқа мүмкіндігінше қазақ тілінде берілу керектігін жеткізді.