• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жетісай ауданында қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың жоспары талқыланды

Автор:admin

Май 30, 2023
Spread the love

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, бүгін Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен әкімдіктің мәжіліс залында «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» жоспары талқыланды.
Жиынға аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Пірімбеков, қала, ауыл, округ әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері мен тұрғындар қатысты.
Кеңес отырысында соңғы кездері өзекті мәселеге айналған интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жол апаты жағдайларының алдын алу шаралары бойынша дайындалған жоспарлар талқыға түсті.
Сондай-ақ полиция бөлімінің жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндамалар тыңдалды. Арнайы слайд пен бейнеролик көрсетілді. Жиын соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика