• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің сервистік моделін жүзеге асыру мақсатында маңызды жиын өтті

Автор:admin

Май 30, 2023
Spread the love

«Ұлы дала елі» музейінің мәжіліс залында Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде енгізілген сервистік тәсіл бойынша іс-шара өтті.
Кездесуге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев пен басқа да бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері мен 6 бірдей сектор басшылары, учаскелік полиция инспекторлары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Жанаев баяндама жасап, ведомствоаралық топпен атқарылған жұмысты жеткізді.
Полиция полковнигі Б.Жанаев: «Бүгінде тұрғындармен байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Мемлекет басшысы берген тапсырма кезең-кезеңімен іске асуда.
Осы ретте біздің жеке құрамның барлық жағдайы жасалған орында жұмыс жасауы мақсатында, қала әкімінің қолдауымен Полиция басқармасын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Оған қоса «Жұртқа жақын полиция қағидатын» қалыптастыру мақсатында, 11 учаскелік полиция пункттерін салу жоспарлануда»-деп атап өтті.
Маңызды шара барысында тұрғындар да өздері тарапынан ұсыныс-пікірлерін айтып, тиісті сала мамандарына сауалдарын қойды. Өз кезегінде әрбір мекеме өздеріне қатысты сұрақтарға нақты жауаптарын беріп, алдағы уақытта кемшіліктерді жоюға бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика