• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жетісай ауданында жеке құраммен кездесу өтті

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

Жетісай аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» бойынша кең көлемді жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапар төрағалық етті.
Жедел кеңестің мақсаты — жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтап, жұртқа жақын полиция қағидатын қалыптастыру.
Кеңес барысында полиция полковнигі Б.Сапар жеке құрамға ҚР ІІМ М.Ахметжановтың негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларды айқындап, Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмаларын іске асыру бойынша нұсқаулар берді.
Бұдан әрі полиция бөлімінің кадр саясаты тобының ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейінгі атқарған жұмыс қорытындысы бойынша полиция полковнигі Сәкен Джайлыбаев баяндама жасады. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша арнайы бейнеролик көрсетілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика