Түркістан қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полицейлері жанар-жағармайды елден тыс жерлерге заңсыз тарату деректеріне жол бермеуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде, тиісті рұқсатсыз қосымша жанар-жағармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзушыларды анықтауға, сондай-ақ жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына баса назар аударуда.
Рейд барысында тәртіп сақшылары рұқсатсыз қосымша жанармай бактары орнатылған екі жүк көлігін анықтады. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Қайрат Қалманов : «2023 жылғы 15-20 мамыр аралығында Түркістан облысының аумағында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау жайттарын анықтау бойынша рейд жүргізілуде. Егерде автокөліктерде қосымша бактар анықталса, заңға сәйкес тиісті шара көрілетінін болады»-деп ескертті.