• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Автор:admin

Май 12, 2023
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан, прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиынға аталған аудандардың тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеушілер, анықтаушылар қатысты.
Күн тәртібінде Түркістан, Кентау, Сауран, Отырар және Бәйдібек АПБ-нің тергеу, анықтау саласындағы тергеп-тексерудің жай-күйі, өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 199-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің жаңа стандарты түсіндірілді.
Түркістан облысы Тергеу басқармасы бастығының орынбасары М.Сейдилдаев баяндама жасап: «Қысқаша хаттаманы енгізу ІІМ бастамасы болып табылады. Бұл бірегей норма, яғни істің мән-жайына, техникалық мүмкіндіктерге байланысты қысқаша хаттама немесе қарапайым хаттама жасау туралы шешім қабылданады.
Осы арқылы тергеу әрекетін жүргізу уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік бар. Бейнежазба қылмыстық іске қоса тіркеледі және техникалық мүмкіндік болған жағдайда цифрлық тасымалдағыштарда сақталады немесе сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне жүктеледі»-деп атап өтті.
Айта кетсек, бұл іс-шара Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам ауданы прокурорларының орынбасарлары, ауданның тергеу жөніндегі орынбасаралары, тергеуші мен анықтаушылардың қатысуында аудандандарда да өткізілді. Облысты түгел қамту бағытында жиналыстар жалғасын табады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика