Арыс аудандық полиция бөлімінде бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бөлім зейнеткерлері мен жас мамандардың қатысуымен жеке құрамға әскери-патриоттық тақырыпта сабақ ұйымдастырылды. Ардагерлерге марапаттары табысталды.
Сонымен қатар Арыс ауданлық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Патриоттық саптық жиын өткізіліп, қызметінде ерекше көзге түскен тәртіп сақшылары бөлім бастығының атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Одан әрі мерекелік шара спорттық сайыспен жалғасты. «7 мамыр Отан қорғаушылар күніне» орай жеке құрам қызметкерлері және бөлім ардагерлерінің қатысуымен шағын футбол өткізілді. Жүлделі орын алған командаларға қаржылай сыйлық табысталып , «Алғыс хат» берілді.
Мерекелік маңызы зор шаралар Арыс аудандық полиция бөлімінде қызмет атқару барысында қаза тапқан, КСРО Президентінің Жарлығымен «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері атанған Бибасар Отарбековтің жұбайы Сапаркуль анамыздың жағдайын біліп, мерекелік сыйлықтар табыстаумен қорытындыланды.