Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің 2023 жылдың 3 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындылары мен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары бойынша жедел кеңес өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Б.Айтпаев төрағалық етті.
Есеп беру баяндамаларында көрсетілгендей, Бәйдібек ауданында жыл басынан жалпы 18 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға азайған. Ал қылмыстардың ашылуы 100% құрайды. Аудан полицейлерімен
3 айда 2743 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Салынған айыппұлдарды өндірілуі 68,2%-ды құрайды.
Бұл туралы Бәйдібек аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары жеткізіп, атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есептері тыңдалды. Өз кезегінде полиция полковнигі Б.Айтпаев жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бағытында жұмыс нәтижелері ай-сайын сараланып, кемшіліктерді жою жұмыстарды ұдайы ұйымдастыруды тапсырды.