Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Құндызай Умиралиеваның ұйымдастыруымен «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде кездесу өтті.
Мұндағы негізгі мақсат-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын созу және отбасылық жанжалды болдырмау.
Жиынға ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен Қазығұрт аудандық орталық емханасының психологы, әлеуметтік-психологиялық сүймелдеу қызметі бөлімшесінің психолог мамандары қатысты.
Әрбір қызметкер өз саласына қатысты атқарылып жатқан жұмысты айтып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуде құқықтық кеңес берді. Қандай да бір заңсыздықтың құрбаны не куәсі болса, бірден тиісті мекемелердің көмегіне жүгінуге шақырды.