• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізуде

Автор:admin

Апр 27, 2023
Spread the love

Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір күндері аралығында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстарды ашуға, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Рейд барысында полицейлер қараусыз қалған үйлерді, ғимараттарды және өзге де үй-жайларды аралап, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексереді.
Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара кезінде барлығы 20 қылмыстың «ізін суытпай» ашып, бұрын жасалған 3 қылмыстық істі соңына жеткізді.
Сондай-ақ рейдтік жұмыс барысында 1360 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ұсақ бұзақылықтың 81 дерегі мен спирттік ішімдіктерді ішу, яғни қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 89 дерегі тіркелді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына байланысты 98 құқық бұзушылық анықталды.
Жол қауіпсіздігі саласы бойынша қарсы жолаққа шыққаны үшін 3 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды қоғамдық тәртіп пен жол ережесін сақтауға шақырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика