• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отырар ауданында І-тоқсанның қорытындысы бойынша кеңес өтті

Автор:admin

Апр 26, 2023
Spread the love

Отырар аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен 2023 жылдың 1 тоқсанындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары талқыланды.
Кеңес барысында баяндамалар тыңдалып және құқық бұзыкшылык алдын алу мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз ету, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауға және нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты қалыптастыруға және халықтың полиция жұмысына деген сенімін арттыруға шараларды жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Кеңесте ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің екі қызметкеріне «полиция лейтенанты» бірінші кезектегі атақтары табысталды. Полиция басшылығы аталмыш тәртіп сақшыларын өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін абыройлы орындауға шақырды.
Іс-шара соңында бейнеролик көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика