Түркістан облысы полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дархан Зияев пен осы басқарманың криминалисі полиция капитаны Ақиқат Қасымов М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «химилық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандығының 1-2 курс студенттеріне практикалық сабақ өткізді.
Көп жылдық тәжірбиесі бар білікті қызметкерлер студенттерге ішкі істер органдарына тағайындалу тәртібін, криминалистикалық қызметтің ерекшеліктері туралы кәсіби бағдар беріп, өз тәжірибиелерімен бөлісті. Сонымен қатар сараптамалық зерттеулер бойынша дәріс беретін оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетті.
Кездесу аясында криминалист полиция капитаны А. Ерменбайұлы қылмыс студенттердің криминалистика саласына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, оқиға болған жерлерді қарап, тексергенде және сараптамалық зерттеулер жүргізгенде қолданылатын криминалистикалық құрал-жабдықтармен, арнайы техникалармен таныстырды. Яғни айғақ заттарды іздеп табу, алу, бекіту және зерттеу әдіс-тәсілдерін үйретті.
Іс-шараның соңында Жедел-криминалистикалық мамандары студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақтағы істеріне сәттілік тіледі.