• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полицейлер қонақ үй иелеріне туристерді қабылдауда «Е-Qonaq» жүйесін қолдануды түсіндірді

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love

Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласына келуші туристер қатары бұрынғыдан да арта түсті. Осыған орай туризмді дамыту, келген шетелдіктерді заңға сәйкес тіркеу бойынша тиісті сала басшыларының қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Түркістан қалалық полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімі бастығының м/а полиция капитаны Н.Жұмаев, облыстық мәдениет және басқарма басшысының орынбары Ә.Нұржанұлы, Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы Н.Медеуов, Түркістан қаласы бизнесті қолдау және туризм бөлімі басшысының м/а Р.Жумашбеков қатысты. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы қонақ үйлер мен жатақханалардың иелері шақыртылды.
Шара барысында ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігі, еліміздегі туристтік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрған жүйе жұмысы айтылды.
Жеке кәсіпкерлерге шетел азаматтары орналасқан қонақ үй, жатақханада «Е-Qonaq» жүйесі арқылы уақытша тіркеуге тұру керектігі түсіндірілді. Бұл жүйені қолдану арқылы туристердің уақытын үнемдеп, көші-қон қызметі бөліміне келмей-ақ рәсімдеп, туристік ағын мен көші-қонды бақылап, есепке алуға болатыны жеткізілді.
Жүйені енгізу туристік қызметтің сапасын және отандық қонақ үйлердің тартымдылығын арттырып, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жақсартуда.
Сондай-ақ кәсіпкерлерге шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде қабылдаушы тарап ретінде ішкі істер органдарын хабарлау керектігі ескертілді.
Осы ретте көші-қон заңнамасын бұзбай, жоғарыда аталған талаптарды көрсетілген мерзімде орындағандарыңыз абзал.
Егер аталған заң талаптарын орындамай, уақытылы хабарлама бермеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 518, 519-баптарының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика