• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының полицейлері діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегін анықтады

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, профилактикалық іс-шара өткізіп, кезекті заңсыздықтың жолын кесті.
Мәселен полицейлер облыс орталығында орналасқан сауда орнының бірінде діни сипаттағы кітаптарды заңсыз сату жайтын анықтады. Тексеру кезінде дүкен сатушысының сату үшін тиісті рұқсаты жоқ екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары одан 30-дан астам діни кітап алып, сараптамаға жіберді.
Осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика