«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қиында қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, сарыағаштық полиция қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді.
Биылда бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, сарыағаштық тәртіп сақшылары атынан тағы бір ізгі амал жасалды. Сақшылар қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен отбасын тұрмысқа қажетті азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарымен қамтамасыз етті.
Өз кезегінде арнайы көмекті қажет ететін отбасы мүшелері сарыағаштық тәртіп сақшыларына алғысын айтып, шынайы ризашылықтарын білдірді.