• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жетісай ауданында 1 тәуліктегі құқық бұзушылық көрсеткіші

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love
Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығымен ағымдағы жылдың сәуір айының 18 күні Жетісай ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшыларының атқарған жұмыс нәтижесінде 1 тәулікте жалпы 316 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Жол қозғалысына қатысты ең негізгі 7 бағыт бойынша, 205 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шара көрілді.
Мәселен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен 2 жайт, 441-бабымен 1 жайт, 434-бабымен 8 дерек, 442-бабымен 7 дерек, 449-бабымен 3 жайт, 492-бабымен 5 жайт, 518-бабымен 2 дерек, 519-бабымен 2 дерек, 230-бабы 2-бөлігімен 24 хаттама, 590-бабы 5-бөлігімен 45 дерек, 590-бабы 9-бөлігімен 18 жайт анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 612/1-бабымен 2 хаттама, 590/7-бабымен 3 хаттама, 601/1-бабымен 14 хаттама, 593/2-бабымен 44 хаттама, 600-бабымен 2 хаттама және 615-бабымен 23 хаттама толтырылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жол-техникалық инспекция саласы бойынша, аудандағы көшелерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, жол белгілерін қоюға, жаңартуға, көшелердің қажетті жерлеріне жасанды жол кедергілерін орнатып, жаяу жүргінші жолақшаларын сызу, көшелерді жарықтандыру жөнінде Жетісай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 2 ұйғарым жолданды.
Рейд барысында 248 есепте тұратын тұрғын тексеріліп, аталған есептегі тұлғалармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл шараның басты мақсаты — қылмыстың алдын алу, орын алған және бұрын болған қылмыстарды ашу, жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерінің алдын алу болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика