• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Прокуратураның үйлестіруімен құқықбұзушылық төмендеді

Автор:admin

Июн 13, 2023
Spread the love

Түлкібас ауданының прокуроры Н.Ш.Асқанбековтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасының мекемеаралық мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімі, ауыл округ әкімдері, білім беру мекемелерінің басшылары және полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы қатысты.

Мәжілісте кәмелет жасына толмаған тұлғаларға қарсы және кәмелет жасына толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар, жекелеген санаттағы қылмыстардың өсуі себептері мен оларың алдын алу тиімділігі  талқыланды.

Бұның алдында прокуратураның үйлестіруімен ауданда тіркелген қылмыстар 10%-ға, оның ішінде қоғамдық орында жасалған қылмыстар 38%-ға, зорлау 100%-ға, бұзақылық 100%-ға,  ұрлық 21%-ға, жол-көлік оқиғаларының 14%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Мекемеаралық жиналыс нәтижесімен құқық бұзушылық профилактикасы  бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарының алаяқтық және аса ауыр қылмыстардың өсуі себептерін анықтау бағытында іс шаралары бойынша қосымша жоспар түзілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика