Облыс прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Ж.Н.Нұрғалидің төрағалығымен «Салауатты болашақ» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде жоба аясында бекітілген жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен онлайн режимде тәуекел профилі бойынша ақпарат қалыптастыратын базаның презентациясы өткізілді.
Жұмыс тобының мүшелері аталған базаның мүмкіндігін күшейтуге ұсыныстарын білдіріп, облыс әкімдігі тарапынан базаны қаржыландыруға қаражат жоспарлануда.
Алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға арналған базаны жинақтау жұмыстары аяқталып, Түркістан қаласында пилот ретінде іске асыруға қолданысқа беріледі.