• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: облыс прокуратурасының сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love

Түркістан облысы прокурорының орынбасары Ж.Нұрғалидың төрағалық етуімен облыс прокуратурасының Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға уәкілетті органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңірдің кәсіпкерлері қатысты.
Кеңес отырысында «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» пилоттық жобасын іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау және ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы әкімшілік істерге жүргізілген мониторингтің нәтижелері, сондай-ақ елімізде дизель отынына қатысты орын алып жатқан тапшылық және оның өңірдің кәсіпкерлеріне әсері жөніндегі мәселелер қаралды.
Мысалы, прокурорлар салық органдарымен «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» пилоттық жобасы аясында кәсіпкерлерге бару арқылы заңсыз тексеріс жүргізу, құқық бұзушыны ескертпестен сырттай ескерту түріндегі әкімшілік жазаны қолдану және дара кәсіпкерлерге қатысты заңсыз салық бұйрықтарын шығару фактілерін анықтады.
Қабылданған шаралармен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген 103 әкімшілік істің күші жойылды, жалпы 1133 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 5 лауазымды тұлға тәртіптік, 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жиын қорытындысы бойынша Ж.Нұрғали алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеуді нұсқап, сонымен бірге проблемалық мәселелердің шешу жолдарын ұсынып, бизнесті қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екендігін атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика