Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Оған клуб мүшелері мен ақпарат саласының өкілдері қатысты.
Отырыста ақпарат саласындағы бірқатар мәселелер қаралып, журналистер мен блогерлер тарапынан түрлі бағыттарда ұсыныстар, жобалар айтылды. Алдағы уақытта оларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде келісілді.
Оқырмандарды ақпаратпен қамтуда әлеуметтік желілердегі жұмыстарды күшейту мақсатында клуб мүшелеріне шынайы ақпаратты жеткізу, клуб жұмысын жандандыру мәселелерінде белсенділік таныту ұсынылды.
Этно-мәдени бірлестіктер тарапынан өтетін барлық іс-шаралар бейбіт өмір мен тұрақтылықты, тыныштық пен татулықты ту еткен елімізде бүгінде түрлі ұлт пен ұлыстың салт-дәстүрін дәріптеуге қолдау жасалып отырғаны да тағы еске алынды.
Басқосуда сөз алған Шымкент қаласынын ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының әҚоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп отырған БАҚ өкілдеріне рахметін айтты.
Клубтың мақсаты ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен дінаралық алауыздықтың болмауына атсалысып, оны БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауда журналистика әдебін сақтай отырып жұмыс жасайды.
Айта кету керек, клубтың жаңа төрағасы болып белгілі журналист, қалалық мәслихаттың депутаты Талғат Дүйсенбекұлы Балтабаев бекітілген.
Бұл клуб ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен дінаралық алауыздықтың болмауына атсалысып, оны БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауда журналистика әдебін сақтай отырып жұмыс істейтін болады десті ассамблея мүшелері.