• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Біз еліміздің патриотымыз!

Автор:admin

Июн 4, 2023
Spread the love

Қалалық «Достық» үйінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай, «Ассамблея жастары» ұйымы мен этнос жастары өкілдерінің қатысуымен «Біз еліміздің патриотымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынды қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Исаева жүргізді. Жиын барысында қатысушыларға еліміздің символикасы мен патриоттық сана кеңінен түсіндіріліп, өзара пікірлер алмасылды.
Менің елім – ұлан-ғайыр жері бар, дербес ел деген атқа көнеден ие болған, қарға тамырлы қазақтың елі. Тәуелсіз елдің баласымын деп кеудемді кере дем аламын. Қатысушылар патриоттық сезім қайдан берілді деген сауалды бір сәт өзіме қойып, ой жүгірткенде, бір нәрсеге көзім анық жетті. Еліңді сүю үшін алдымен оның өткенін танып, келешегіне сену керек екен. Анам бесік жырымен әлдилеп, әжем ертегі айтып, шүйгінді ана тілімде еркін сөйлеп өстім, деп айтып жатты. «Отан – отбасынан басталады» деген осы болар, бәлкім. Мектеп қабырғасында тарихпен таныса бастадым. Жай ғана танысып қойған жоқпын, талай қанды жорықты басынан өткерген бабаларымның еркіндік жолындағы ерліктеріне қайран қалып, ержүректілігін мойындадым. Ұлттық ою-өрнектеріміз, киімдерімізді, қару-жарақтарымызды шеберлігіне, өмір тәжірибесінен жинақталған нақыл сөздерді естіп, көрегенділігіне, тыңдаған жанның бойын елітер әндері мен күйлеріне қаныққан сайын өнеріне тәнті болдым. Бала күннен осыны сезінгеннен бе, ешқашан батысқа еліктеп, не өзге елдің мәдениетін өзімізден артық көрген сәт болған емес. Болмақ та емес. Сындарлы сәттердің бәрінен мойымай, құс қанаты талар байтақ жерді аманаттап кеткен аталарымыз бізге үлкен жауапкершілік артып кеткен-ді. Бұл жауапкершілік еліңді, жеріңді сақтау, дамыту, көшбасшы болуға ұмтылуды міндеттейді. Иә, өткенді дәріптеп, барды қанағат тұту ел партиоты болуға аздық етеді. Біз алдымен, ішкі рухани байлығы бар, үш тілді, нағыз маман болуымыз керек. Бәсекеге қарсы тұрып, елге қызмет ете білсек, бәлкім, патриоттықтың жемісі сол болар. Елбасымыздың сарабдал саясаты да осыған саяды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика