• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 26, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы Абай ауданына қарасты Нұршуақ шағынауданында өтті.
Жиынға қалалық партия жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары, құзырлы органдар мен прокуратура өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар мемлекеттік актісі бар жекеменшік тұрғын үйлері орналасқан жер телімдерінің «Бабыр» ӨК-нің құрамында болуын, сот арқылы осы келеңсіздікті шешіп, жер телімдерін қайтаруға ықпал жасауды сұрады.
Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша наразылық білдірушілер тарапынан кемшіліктер түзетіліп, аппеляциялық сот алқасына талап арыз қайта жолданды.
Комиссия мүшелері мәселені жан-жақты зерттеп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлер меншік иелерінің өз еркімен бас тартуының нәтижесінде 603 га жер мемлекет меншігіне қайтарылып құжаттары рәсімделуде.
ҚР Жер комитетінің төрағасы-ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын.
Жалпы, «AMANAT» партиясының республикалық комиссияның араласуымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Комиссияның бастамасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге де мемлекеттік органдармен бірге қайтарылған жерлердің интерактивті картасын әзірледі. Сондай-ақ, комиссия жұмыс барысында ел аумағындағы 3000-ға жуық үлескердің құқығын қорғады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика