• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЕҢБЕК АДАМЫ БЕЙНЕСІНДЕ 36 ЖЫЛДАН БЕРІ ЗООБАҚТА ЖАНУАРЛАР ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП ЖҮРГЕН РАЙСА АБДУРАКИПҚЫЗЫ

Автор:admin

Июн 5, 2023
Spread the love

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында 30 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер бар. Соның бірі, Долгова Райса Абдуракипқызы. Жануарларға қарап жүргеніне биыл 36 жыл.
Алғаш қызметін 1987 жылы 22 жасында зообақтағы «Орнитология» бөлімінде зоотехник қызметінен бастап, 1998 жылдан бері қарай осы жерде «Террариум» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.
Жұмыстың барысы күнделікті жануарларды тексерістен өткізіп, олардың азықтарын беріп, ауырған жануарларды ветеринарлық дәрігерлермен бірге емдеу шараларын жүргізеді. Террариум бөлімінде жұмыс істеу қауіпті, бір жағынан қызық.
“Маған жануарлармен жұмыс жасау қатты ұнайды. Олар аялы қолды, жылуды қатты сезеді, сондықтан мен үшін қауіпті емес. Зообақтағы әр бір жануардың амандығы, олардың жағдайы біздің бақылауда, яғни “Террариум” бөлімі жауапты. Осы салада еңбек еткен 36 жылым үшін өкінбеймін, өйткені әр күнім қызықты. Сүйікті іспен айналысу деп осыны айтады”- деп өз ризашылығын білдірді.
Еңбек ұжымдарының мүшелерін экологиялық мәселелерді шешуге тарту. Саябақты абаттандыруға атсалысқан еңбек ұжым­дары егілген шыршалардың сақталуына жауапкершілікпен қарайды. Баста­уыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері өскелең ұрпақты саламатты өмір сал­тына баулу мақсатында құрылып жат­қанын түсінеді және Петропавл қаласының экологиясын дамытуға үлес қосады.
Өз жұмысын жауапкершілікпен, ұқыптылықпен және жануарларға сүйіспеншілікпен қарайтын кәсіподақ мүшесі Райса Абдуракипқызына қызметте табыс, отбасыңызға амандық тілейміз.
Еңбегіңіз жемісті болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика