• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БАЛҒЫНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love
1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Бақытты балдәурен» атты ауқымды мерекелік шара өтті.
алтанатты шараға қатысқан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төра орынбасары Жарқынбек Құрманбек, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қаламгер, ақын Қабылбек Төретай, Мәдениет қайраткері, жазушы, журналист Күлия Айдарбекова және әлеуметтік әріптес, орталықтың директоры Бахтияр Спанов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірді.
Үш бөлімнен құралған ауқымды шараның «Балауса балалық шағым» бағдарламасында «Шұғыла» оқу орталығының суретші оқушылары «Әлем балалар көзімен» атты тақырыпта сурет салды. Сондай-ақ, «Кәусар» мектебінің шәкірттері «Ерке сылқым» және «Балбырауын» күйлерін нақышына келтіре орындады.
Шара аясында салт дәстүр бойынша үлкендердің жолын берсін, жасын берсін деген ниетпен АКБ-ң төрағасы орынбасары Жарқынбек Құрманбек кішкентай балақайдың тұсауын кесу рәсімі өтті. Содан соң, төраға орынбасары бата беріп, балаға еліміздің лайықты азаматы болуды тіледі.
Сайқымазақтардың «Ойлы болсаң озып көр» ойындары мен сиқыршылардың қойған қойылымдары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, келген оқушылардан бөлек, ата-аналар мен жетекшілері де ойынға тартылып, «Кім жылдам» сайысында ат салысты.
Мерекелік шара, өз кезегінде «Флешмоб» билеумен, танымдық ұлттық ойындармен жалғасып, «Балаларға базарлық» айдарында демеушілер тарапынан балмұздақтар мен тәттілер таратылып, ойыншық автокөліктермен балалар орталық алаңда тегін серуендеді.
Шара соңында белсене қатысқан өнерпаздар мен жетекшілері орталық басшылығының «Алғыс хатымен» марапатталып, сыйлықтар табысталып, қонақтар да, балалар да риза болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика