«23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде және алаңдарында мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылуы өткізіліп, оған 19 команда қатысты.
Ашылу салтанатында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілерін құттықтап, оларға сәттілік тілеп, спорт жарыстарын жоғары деңгейде өткізу және ынталандыру мақсатында кәсіподақ атынан спартакиаданың 7 спорт түрлеріне дипломдар мен жалпы 540000 теңге қаржылай сыйлықтар тағайындағанын жариялады.
Атап айтқанда:
1. Шағын футболға — 75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).
2. Волейболға -75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).
3. Қазақ күресіне (үш салмақта) — 90 000 теңге:
— 74 кг (1 орын — 15000 теңге; 2 орын — 10000 теңге; 3 орын — 5000 теңге);
— 90 кг (1 орын — 15000 теңге; 2 орын — 10000 теңге; 3 орын — 5000 теңге);
+ 90кг (1 орын — 15000 теңге; 2 орын — 10000 теңге; 3 орын — 5000 теңге).
4. Тоғыз құмалаққа — 75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).
5. Үстел теннисіне — 75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).
6. Жүзуге — 75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).
7. Бильярдқа — 75 000 теңге (1 орын — 30000 теңге; 2 орын — 25000 теңге; 3 орын — 20000 теңге).