«23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының қазақ күресінен жарыс өткізіліп, оған 8 мекеменің қызметшілері қатысты.
Талап бойынша қазақ күресі – ерлер арасында -74 кг, -90 кг, +90 кг (90-110 кг) салмақта барлық мекемеден мемлекеттік қызметкерлер (шектеусіз) жіберілді және әр салмақ дәрежесінде таразыға тартылу кезінде 1 кг қосымша мүмкіндік берілді. Бір қатысушы жарысқа тек 1 салмақ дәрежесі бойынша ғана қатыстырылды. Жарыс Qazag kuresi ассоциациясының қағидалары бойынша өткізілді.
Қазақ күресіне қатысып, жүлделі орынды иеленгендер «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленгендерге диплом мен 15000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленгендерге диплом мен 10000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленгендерге диплом мен 5000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.
Оның ішінде:
— 74 кг салмақта:
1-орын Қапашов Еркебұлан;
2-орын Рашид Қанат;
3-орын Омаров Амангелді.
— 90 кг салмақта:
1-орын Піралиев Серік;
2-орын Асилов Ақтөре;
3-орын Абилқасым Қасымхан.
— 90 кг жоғары салмақта:
1-орын Балганов Даурен;
2-орын Адамбек Баймырза;
3-орын Утетилеуов Мақсат.