Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекелер аз емес. Соның бірі – медицина қызметкер-лерінің күні. Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде медицина қызметкер¬лерінің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Медицина қызметкерлерінің күні — бұл барлық ғұмырын алғысқа, лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн.
Осынау мереке күні, “SENIM” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының қалалық филиалы халық денсаулығының жақсару жолында жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлерінің еңбектері еленіп, марапат төрінен көрінді. Шымкент қаласының бірқатар денсаулық сақтау саласындағы үздіктеріне салалық кәсіподақ атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталар, төс белгілер табыс етілді.
Салтанатты шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, ақ халатты абзал жандар мен кәсіподақ активі қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек мерекелік құттықтау лебізін білдірді.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ұлт саулығы жолында салауатты өмір салтын қалыптастыруда адал қызмет етіп келесіздер. Кәсіби маман ретіндегі Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз әрбір науқас үшін маңызды. Бүгінде өңірде медицина саласы мамандарының кәсіподақ ұйымы үздіктер көшін бастап тұр. Кәсіподақ өз мүшелерінің құқығын қорғап, мүддесін көтеру үнемі басты назарда ұстайды. Ұлт саулығы жолындағы жауапты қызметтеріңізге тек сәттілік пен еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді Жарқынбек Айдарбекұлы.
Шара барысында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы да Ерқозы Батырбеков денсаулық сақтау саласының мамандарын құттықтап, әрқайсысының жоғары жетістіктерін атап өтіп, сый-сияпаттар табыстады.
Марапаттау рәсімінде ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін ақ халатты абзал жандарға кәсіподақ ұйымы тарапынан алғы шепте жүрген өз ісінің шеберлеріне 4 төсбелгі табысталып, 5 қызметкерге Құрмет грамота мен 13 кәсіподақ мүшесіне Алғыс хаттар табысталды.
«SENIM» кәсіподағының төсбелгісі қызметтегі адал еңбегі үшін «Мейірім оңалту орталығы» МКҚК-ң директоры Ниязкулов Абдирахмат Абдикадирұлы, «Қалалық қан орталығы» МКҚК-ң директоры Нұрлыбаев Аманкелды Ергешбекұлына тапсырылды.
Қуаныш иелері кәсіподақ тарапынан өздеріне көрсетілген қолдауы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.