• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТЕСТАТ ТАБЫСТАУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 22, 2023
Spread the love

Әл-Фараби ауданында орналасқан Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі бітіруші түлектерінің қолына Атестатын табыстап, шығарып салды.
Түлектермен қоштасу салтанатты кешіне білім ұясы басшылығының шақыруымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек те қатысып, бітірушілердің үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тіледі.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.
Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды.
Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Жалпы жаңа мектеп құрылысы үшін 1 оқушыға жылына 96 АЕК, мектепті реконструкциялау үшін 1 оқушыға жылына 47 АЕК мөлшерінде субсидия төленеді. Бұл төлем түрі 8 жыл көлемінде жүргізіледі. Ал, жан басына шаққандағы норматив бойынша — бір оқушыға жылына орта есеппен 590 000 теңге субсидия төленеді. Бұл төлем мектеп жұмыс істеп тұрған барлық уақытта жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика