• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы мен «Еңбек» БПҰ төрайымы Сихамбекова Жансұлу Абдразақовна «1 маусым-Халықаралық Балаларды қорғау» күнінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты іс-шараның куәсі болды.
Гүлжайна Жақайқызы ұстаздар мен оқушыларды, ата- аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып түлектерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп жоғары деңгейден көріне берулеріне тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн оқушыларға ғана емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке екендігін атап өтті.Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымын осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысын білдірді!
Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.
Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 7000-нан астам педагогы біліктілігін арттыру курстарынан, 1500-ден аса маман қайта даярлаудан өтеді. Соңғы үш жылда қала аумағында 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 38 мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде салынады. Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.
Сондай-ақ қала әкімі жауаптылармен бірге № 45 мектеп-гимназиясының 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысын да қадағалады. Ғимаратта оқу сыныптарынан бөлек, жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қамтылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика