• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

 Қазақстанда волонтерлік қызмет жұмысында қандай тәсілдер қолданылады

Автор:admin

Июл 1, 2022
Spread the love

Мемлекеттік органдардың, медицина қызметкерлерінің, халықтың волонтерлермен өзара іс-қимылы маңызды болды. Волонтерлер науқастарды туыстарымен, әсіресе паллиативті көмек көрсету кезінде байланыстырды. Басым жеті бағыт бойынша, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өңірлік жоспарлары шеңберінде волонтерлік жобаларды іске асыру шараларына пандемия және ТЖ режимінің салдарынан түзетулер енгізілді. Соған қарамастан, дәл осындай қиын жағдайда халықтың та, биліктің де тарапынан волонтерліктің маңыздылығы байқалып, құпталды. Еріктілер-бұл өзынтасымен азаматтық қоғамның игілігі үшін әрекет ететін, өзінің білімін, уақыты мен күшін материалдық сыйақы алуға немесе ақы төленетін жұмысқа емес, бірлескен әлеуметтік күш үшін арнайтын адамдар. Ерікті қызмет белгілі бір міндет бойынша бірлесіп жұмыс жасау достық пен өзара түсіністікті құрудың тиімді әдістерінің бірі деген идеяға негізделген, ал жобалар диалогтың, әрадамның қабілетіне қарай жұмыс істеу мүмкіндігінің негізі болып қызмет атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылында көптеген ауқымды жоба қолға алынатынын атап өтті. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылмақ.Мемлекет басшысы волонтерлікпен айналысу қазақ халқының бойында бар асыл қасиет екенін еске салып, ата салтымызды қайта жаңғыртудың сәті келгеніне тоқталған. «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету», —   деген болатын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған дерекке сәйкес 2020 жылғы 16 қаңтарда Үкімет Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, онда жалпы алғанда 7 бағытта 40 іс-шараны іске асыруды көздейді, оның ішінде:

  1. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту;
  2. Волонтерлік қызмет бойынша инфрақұрылымды дамыту және оған қатысушылардың әлеуетін арттыру;
  3. Азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту;
  4. Корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту;
  5. Волонтерлік қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
  6. Волонтерлікті дәріптеу;
  7. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін волонтерлікті дамыту.

Соңғы бағытқа енгізілген іс-шаралар ерекше назар аударуға лайық. Осы бағыт шеңберінде «Birgemiz» бастамасы шеңберінде біріктірілген қоғам тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында 7 ұлттық жобаны іске асыру жоспарланған болатын. 2020 жылдың тамызында АҚДМ өз сайтында жоспарланған іс-шаралардың барысы туралы жалпы түсінік беретін және 2020 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Ұлттық еріктілер жобаларының тиімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін «Еріктілер жылын өткізу туралы анықтама» жариялады:

■ «Birgemiz: Bilim» жобасы ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып

оқушыларына ҰБТ-ға дайындап, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық

сауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсетуді көздейді. Жобаны іске

асыру аясында 14 өңірде 292 еріктіні тарта отырып, 2811 оқушы ҰБТ-ға

дайындалды.

■ «Birgemiz: Sabaqtastyq» жобасы еріктілердің балалар үйіндегі балалар мен

жастарға, Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету

орталықтарында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қатысты тәлімгерлік

практикасын енгізуге бағытталған. Ағымдағы жылы жобаны іске асыру мақсатында

3 волонтерлерді қолдау орталығы (Нұр-сұлтан, Атырау, Шымкент) ашылды және 700

волонтер-тәлімгер оқытылды.

■ «Birgemiz: Asyl mura» жобасы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға бағытталған, осы мақсатта тәжірибе алмасу үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, 17 үйлестіруші оқытылды. Сонымен қатар, жобаны іске асыру аясында Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарында 3 еріктілер орталығы құрылды.

■ «Birgemiz: Qamqor» жобасы іс-шаралар жоспары шеңберінде жолдама қарттар үйлеріне, Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына 1000 еріктіні тартуды көздейді. АҚДМ есебінде: «Шағын гранттар байқауы аясында 38 жеңімпаз іріктелді. «Волонтер жауапкершілігінің шекарасы» тақырыбында 1000 волонтер оқытылды. Сондай-ақ, жоба аясында күн сайын мұқтаж жандарға арналған азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер мен маскалар таратылды. 1500 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты қолдау көрсетілді» деп көрсетілген. Сонымен қатар, бағыт бойынша Алматы қаласында, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 3 еріктілер орталығы құрылды.

■ «Birgemiz: TazaÁlem» жобасы қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазартуға, ағаш отырғызуға, қоқысты сұрыптауға бағытталған. Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды өткізу мақсатында Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 17 үйлестіруші волонтерлік орталықтар құрылды, олар жоба шеңберінде волонтерлермен жұмыс істейтін болады.

■ «Birgemiz: Úmit» жобасы жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларға волонтерлерді тартуға, оның ішінде Ұлы Отан соғысындағы біздің отандастарымыздың ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған. АҚДМ үш еріктілер орталығы (Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында) құрылды және 36 678 (!) еріктілер тартылды деп есеп берді.

■ «Birgemiz: Saýlyq» жобасы пандемия жағдайында ерекше өзектілікке ие болды: ол денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тартуды, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсетуді көздейді. Оқудан өткеннен кейін кейбір еріктілер аса қауіпті учаскелерде 2 ауысымда 12 сағаттан жұмыс істей бастады. АҚДМ қазақстандық еріктілер қозғалысы өкілдерінің халықаралық байланыстарын жолға қоюға белсенді көмек көрсетуде. Министрліктің көмегімен онлайн-форматта Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлік кеңестің екі отырысы өткізілді (2020 жылғы 28 тамыз және 10 қараша), ал 28 қазанда Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен иВолонтерлік кеңестің II съезі өтті. Бұдан басқа, 2020 жылғы 19 қазанда АҚДМ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер топтарын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алуға арналған конкурсты іске қосты. Ағымдағы жылдың қазан айында Министрлік «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидасын әзірлеп, Қазақстандағы волонтерлікті дамытудың 8 жай-күйі мен перспективалары  бекітті. Байқау аясында келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш жеңімпаз таңдалады:

■ «Үздік волонтерлік ұйым»;

■ «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

■ «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысу»;

■ «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;

■ «Үздік әлеуметтік көмекші»;

■ «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

■ «Хабар – ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;

■ «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

■ «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

■ «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

■ «Білімді насихаттауға қосқан үлесі үшін»;

■ «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;

■ «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;

■ «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

■ «жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

■ «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

Қазақстанда волонтерлік жылы деп жарияланған 2020 жыл біздің еліміз үшін де, бүкіл адамзат үшін де өте қиын жыл болды. Пандемия және қатаң карантин жағдайында кез келген ауқымды бастамаларды іске асыру өте күрделі міндет болып табылады, ал волонтерлер үшін бірқатар «дәстүрлі» қызмет салаларында Волонтерлік қызметті жүзеге асыру карантинді енгізуге байланысты шектеулерге байланысты қиын болды. «Волонтер жылын өткізу жөніндегі анықтамада» АҚДМ «аймақтармен пысықтау шеңберінде волонтер жылы шеңберінде жоспарланған жобалар COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн-форматқа көшірілгенін» атап көрсетеді. Дегенмен, еріктілер індеттің таралуына қарсы тұру саласында өздерін жақсы жағынан көрсетті. АҚДМ пандемия басталғаннан бері волонтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарынан 959 мың қазақстандыққа көмек көрсетті, 70 мың азық-түлік жиынтығын және 4,4 млн медициналық бетперде таратты. Волонтерлер коронавируспен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлеріне айрықша көмек көрсетті дәрігерлерге ыстық тамақ ұйымдастыру, науқастарды блокпостардан жеткізу және т.с.с. Көбіне әлеуметтік белсенділік саяси белсенділіктің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылып, соның саясында қалып қояды. Бір жағы дұрыс та шығар. Ал енді жеке қарастыратын болсақ, әлеуметтік белсенділікке мынадай әрекеттерді жатқызуға болады: жастардың білім алуы, өзін-өзі жетілдіруі, волонтерлік қызмет (еріктілер), салауатты өмір салтын ұстануы, қоғамдағы процестерге қатысуы және т.б. Осылардың ішінде Қазақстан жастары білім алу тұрғысынан әлеуметтік белсенді дер едім. Алайда, ол номиналды білім, яғни атауы ғана. Өкінішке орай, білім алу жастардың біліктілігінің кепілі болып отырған жоқ. Бұл рейтинг «қуған» ЖОО-лардың оқу үдерісін сапасыз ұйымдастыруынан болса, бір жағы студенттердің де ізденбеуінен деп білемін. Ал көптеген жекеменшік оқу орындары мен коледждердегі білім сапасы тіптен сын көтермейді.  Осы тұста, жастар өзін-өзі жетілдірумен көбірек айналысқаны дұрыс әрине. Бұл бағытта қазір жастар максимум тілдік курстарға қатысады. Ал өз саласынан басқа кітаптар оқу, мәдени (би, аспаптарда ойнау, актерлік, т.б.), кәсіби (белгілі бір кәсіптерді, салалық бағдарламаларды үйрететін курстар) бағытта жастар өзін-өзі жетілдіріп отыр деп айта алмаймыз. Бір жағы пәтер жалдап, ақылы бөлімде оқитын, қосымша жұмыс істейтін немесе қалада тұрғылықты жері жоқ, жұмыс іздеп келген жастарға бұл тіпті «армандай» көрінуі мүмкін. Ал көптеген жастарымыз мүмкіндігі бола тұра, уақыттарын бос өткізіп жүргендігі де жасырын емес. Волонтёрлік (лат.voluntarius — ерікті) — бұл өзара көмек пен дербес көмектің дәстүрлі түрлерін, барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақыны есептеусіз, ерікті жүзеге асырылатын қызметтерді ресми көрсету және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін қоса алғандағы кең ауқымды қызмет.  Осылайша, волонтерлік – бұл басқалардың игілігі үшін төленбейтін саналы, ерікті қызмет. Басқалардың игілігі үшін саналы да риясыз еңбек еткен кез келген адам волонтер болып аталады. Волонтерлік қызметке мыналар жатады: экологиялық қозғалыстар, ағаштар, гүлдер отырғызу, халықтың қауқарсыз тобына: кәрі адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, үйсіздерге көмек; СӨС насихаттау; ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар, фестивальдар, интернет-еріктіліктерді ұйымдастыруға көмек. Волонтерлік еңбекақыны көздемейді, бірақ көптеген артықшылықтар береді:  адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәжірибе мен жаңа машықтарға үйренуіне, өзін қызметтің түрлі салаларында байқап көру мүмкіндігін береді. Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» – дейді. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» – делінген. Шариғатпен астасып жатқан бұл қайрымды қызметтің ұлт болашағының рухани жаңғыру жолында берері мол. Асар – ертеден келе жатқан халқымыздың озық әдет-ғұрпы, бір-біріне ақысыз көмек көрсету, көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. «Хошар» немесе «Асар» сөздері тұрғын үй салу сияқты, қиын және көлемді жұмыс болған кездері адамдардың көмекке жабылуын білдіреді. «Асар» – туған-туыстар, достар немесе көршілер қиындықтарға тап болған адамға немесе отбасыға қайтарымсыз көмек көрсету. Қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ бұл дәстүрдің өте ертеде пайда болғандығы жайында деректер бар. Басына іс түскен адамға ауыл тұрғындары, көрші-қолаңы, туған-туыстары мал, дүние береді немесе қаржылай көмек көрсетеді. Асар – дүние, мүлік жағынан емес, қол еңбегімен көрсетілетін жәрдем.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика