«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік жұмысшы топ аудан аумағында орналасқан жанармай бекеттерінде болып, жанармай (газ, дизель) бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында табиғи отынның жеткіліктілігі мен бағаның негізсіз көтерілмеуіне назар аударылды.
Алдағы уақытта да Шымкент қаласында жанармай бекеттеріне мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жұмыс топтар супермаркет, базар, дәріхана, жанармай бекеттерін аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Мониторинг топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығы да ескерілетін болады.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.
Қазір шаһарда жалпы, ірілі-ұсақ 1 541 кәсіпорын бар. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялауды дамыту басқармасы мәлімдеді. Оның 1479-ы шағын, 44-і орта және 18 ірі кәсіпорын. Еңбекші мен Әл-Фараби ауданы өндірушілердің саны бойынша көш бастап тұр.
Қалада негізінен өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамыған. Бұл саланың негізін тамақ, мұнай, минералдық өнімдер өндіру, машина жасау, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру және металлургиялық өнеркәсібі құрайды.