• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Автор:admin

Июн 17, 2022
Spread the love

Егеменді еліміз жиырма жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді.

Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.

Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек­тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады .Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейіменен ұштасады, сондықтанда, елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.

Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген. Екінші, салық саясаты. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс. Жаңа салық саясаты – әлеуметтік бағыт алуы тиіс; Үшінші, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйе­сін әзірлейді-деп көрсетілген. Төртінші, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі.

Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар.

Қазақстан халқының әлеуметтік топта­суының оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтудың айналасына топтасудың негізі болып табылады. Қазақстан 2050 стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі, ең алдыменен ең­бек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу – мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ, демократиялық даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Мұның өзі ең алдыменен сындарлы саясатының нәтижелері екендігі бар­шамызға аян. Әлеуметтік-экономикалық даму­дың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндеттер алға қойылып отыр. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша несие саясатын реформалау макроэкономикалық саясатты жаңғырту көз­делінді.

2050 стратегиялық бағдарламасы әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт ара­лығын­да ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып қарыштап келеді, адам құ­қықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы ха­лықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгі­ле­нуі тарихи сипатқа ие болып отыр.

Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо­микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу­дың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзек­ті болып отырған энергия, су тапшылығы табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. Осы саладағы жобалар жөнінде ғана емес қоғамымыздың ой-санасын түбегейлі өзгерту туралы да қоз­ғаған ойларының орны ерекше. Болашақта даму­дың қазақстандық үлгісін қалыптастыра оты­рып, қуатты мемлекет құру. Қазақстан 2050 стратегиялық саяси мәні зор бағдарлама – қазақ­стандықтарды жаңа белестерді бағындыру үшін, ортақ мақсатқа топтастырады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда. 2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.  Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді. «Қазақстан-2050» стратегиясында ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып тұрған әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметтерді жазалау механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, аз дегенде екі есе өсуі тиіс. Тәуелсіздік алған жылдары басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы сөгілген жабағыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды. Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні артты, бойға қуат бітті.  Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде 143 792 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстың экономикалық белсенді халық санына қарай 8 194 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Осы мақсатта Түркістан облысында

биыл 444 салалық жобаларды іске асыру аясында 33 819 жұмыс орындары ашылатын көзделуде. Және «Еңбек» бағыты аясында облыс бойынша 70 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда.

2022 жылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 гранттар беру көзделуде.

Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды. Ендеше, бірлігімізді бір арнаға жұмылдырып, жаңарған Қазақстанды құруда бар күш-жігерімізді салып, абыроймен атқарамыз деген сенімдемін. Баршаңызды Түркістан қаласын қайта түлетіп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 132,6 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері жалпы алаңы 296,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы сауда көлемі 148,3 млрд. теңгеге жетті. Қаңтар-маусым арасында тасылған жүк көлемі 47,2 млн. тн. жеткен.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есеп беру кездесуі ерекше өтті. 500-ден астам адам өздері үшін және қала үшін маңызды мәселелерді талқылауға келді. Тағы үш мың адам желіге қосылды. Осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика