“AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек — таудай талап бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстеліміздің мақсаты — бүгінгі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жай-күйін жақын біліп, қоғамға олардың қажеттілігін ұқтырып, олардың тұлғалық қасиеттерін дамытуына үлес қосу болды.
Дөңгелек үстелдің тізгінін Оралтай Әсел ұстап əлімнің екінші ұстазы атанған Əл-Фараби бабамыздың өнеге толы сөзін ортаға салды.
«Қоғамға барлық адам керек. Қайрымды қаланың тұрғыны болу үшін өзіңнің жан-жағыңа асқан қырағылықпен қарағанымыз жөн. «Қоғамда бар адамның мүмкіндігі тең дəрежеде ескеріледі» деген ойына дөңгелек үстелге қатысушылардың не алып қосарын сұрап, бүгінгі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды алаңдататын өзекті мəселерге тоқталды.
Мүгедектермен жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлердің ішкі мəдениетін жоғарлату қажеттілігіне тоқталды.
Еңбекші аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматша Кремер Виктория мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту бүгінгі таңда мемлекеттің басты назарында екенін жеткізді.
Кедергісіз келешек — бүгінгі күнгі əрекетімізден басталып, ертеңге деген сенімімізбен түйінделеді.
Жоба аясында ел аумағында бейімделу бойынша 22 мың басым объекті анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын 4400 объекті бейімделуі тиіс. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 9 030 объекті бейімделді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1181 тексеру жүргізілді. 4 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 900-ден астам ұйғарым берілді және 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды.
Объектілердің бейімделу барысын бақылау үшін қоғамдық ұйымдардың әлеуеті пайдаланылады. Ол үшін әкімдіктер жанынан аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына 1630 мүше кірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға 14,5% — ға арттырылатын болады. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23%-ға ұлғаяды.