• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Абай ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барасында Абай ауданы әкімі аппараты, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Білім басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасы мамандары және Партия қызметкерлерінен құралған арнайы жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Еске салар болсақ, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға бағытталған кәсіпкерлердің оңды ісін филиалдың атқарушы хатшы орынбасары Бекайдар Мұсаұлы құптап, демеушілік білдірген азаматтарға партия атынан алғыс хаттар табыстады.
Мектеп басшысы арнайы білімді қажет ететін балаларға, əсіресе, еңбек сабағы көп оқытылатынын айтты. Өйткені, өмірге бейімдеу үшін… Олар тігін тігу, ағаш өңдеу, қыш құмыра жасау, сурет салуға мүмкіндік беретін үйірмелерге қатысады. Осы мектепті бітіріп, колледжге, университетке оқуға түсіп, қоғамға, өмірге бейімделген ерекше балалар да бар екен.
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыс барысымен танысқан болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға 14,5% — ға арттырылатын болады. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23%-ға ұлғаяды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика