• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 12, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынды «Сайрам көмекші мектеп- интернат-колледжі арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, аталмыш кеңестің төрайымы Жадыра Таңатарова жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша үшінші шаһардың денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндама жасап, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
— Жалпы, жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана біз алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізетініміз анық. «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс барысы басты назарда, — деді өз сөзінде Жадыра Нағашыбайқызы.
2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы көрсеткіштерінің орындалысын бақылау мақсатында 5 қоғамдық кеңес құрылып, 20-ға жуық отырыс өткізіліп, 30-дан астам мәселе қаралып, 40 тан астам ұсыныс назарға алынды.
Сонымен қатар, аталмыш кеңес мүшесі Азат Әміртай бүгінгі таңда қаладағы перзентханаларда сәбилерді шығару кезіндегі даңғаза әрекеттерге заң аясында шектеулер қою керек деген ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, перзентханада тек қуаныш қана емес, басқа да жағдайлар болады. Бір ана сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатады. Сондықтан, сәбиді үйге шығаруға барған көпшілік оны шоуға айналдырмағаны жөн.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика