• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Июн 7, 2023
Spread the love

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауы “Көрме” орталығында кезекті рет өтуде. Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жеке тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген 300-ден астам азамат түрлі салаға қатысты талап-тілектерін жеткізді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер мәселесі, жол және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты ауқымды сұрақтарды қамтыды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының аяқталуына орай балалардың жазғы каникулын тиімді ұйымдастыруға қатысты өтініштер де жиі түсті.

Азаматтардың кей талап-тілектері қабылдау кезінде шешімін тапты. Басқа да ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындарға жұмыспен қамту шараларына, баспанамен қамтуға, кәсіпкерлікке қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар арасында қаланың дамуына қатысты ұсыныс, жобаларын таныстырған белсенділер де болды. Қала әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтын азаматтарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсетті.

Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халықпен кері байланыс орнатып, туындаған мәселелерді шұғыл шешу бойынша тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика