Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК студенттеріне діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Балаларына деген ыстық ықыласты мейірім мен махаббат олардың жүректерінде, тұла бойларында, жандары мен тәндерінде біте қайнасып қалыптасқан сүйексіңді қасиеттер. Сондықтан да олардың балаларын жетілдіру жолында талай тауқыметтерге разылық танытып, сол қиын күндер мен сол мазасыз түндерді бақытты сәттеріне балайтын жатса оған таңдануға болмайды. Өйткені олар сондай қиындықтардың сол ұл-қыздарының бақытына жеткізгенін көргенде немесе олардың арасында шат-шадыман болып кездерінде ерекше қуаныш сезімдеріне бөленеді.
Әрқайсымыз үшін бұл өмірде ата – анамыздан жақын әрі ыстық адам табылмас. Ата – анамыз біздерге осы өмірге келуімізге себепші болып, жарық дүние сыйлады. «Анадан асыл бар ма жан?» демекші, аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.
Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.
Біреудің мұң-мұқтажын өтеу, оны басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету. Ойлаған адамға бұдан асқан бақыт, бұдан асқан ләззат бар ма?
Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау.
Қоғам мейірімге, жан жадыратар жақсылыққа мұқтаж.
Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мәдіханұлы және Жұмаділлә Бексұлтан қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі түрлі діни сурет немесе видеоларды таратпауға шақырды.