Бүгін партия филиалының жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлының төрағалығымен өтті.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми мәліметі бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берген №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры А.Ш.Орынбековтың есебін тыңдау.
2. Қоғамдық кеңестің 2023 жылға жылдық жоспарына сәйкес қабілеті ерекше балалармен жұмыс бойынша Білім беру басқармасына қарасты Дарын орталығының директоры Р.О.Джеренованың есебі.
3. Шымкент қаласында наурыздың 20 — 25 аралығында жаратылыстану-математика бағытында Республикалық олимпиадада 15 оқушының уланғаны елімізде Қоғамдық Резонанс тударғаны бойынша Шымкент қаласы Білім беру басқармасына қарасты Дарын орталығының директоры Р.О.Джеренованы тыңдау.
Күн тәртібіне сәйкес, алғаш сөз алған №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры А.Ш.Орынбеков мемлкеттік сатып-алуда кемшіліктерге жол берілгенін және ол бойынша мекеме есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Кеңес отырысы барысында №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры А.Ш.Орынбеков кеңес мүшелері тарапынан сынға түсіп, білім беру мекемелерін қажетті құрал -жабдықтармен қамтамасыз ету тетіктері мен жолдары бойынша нақты бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, мектеп-гимназия директоры А.Ш.Орынбековке басшылық тарапынан бақылауды босаңсытқаны жөнінде ескертумен шектеліп, алда мұндай жағдайдың қайталанбауы мақсатында жұмыс жүргізу керектігі айтылды.