• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 25, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT»партиясы Фракциясының мүшесі, қалалық филиал жанындағы «Жер аманты» комиссиясының мүшесі Байкен Әшірбаев, жер ресурстарын басқару департаменті, прокуратура және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.
Жиында Қаратау ауданында пайдаланылмайтын, заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша мәселелер талқыланды. Комиссия тарапынан құзыретті мемлекеттік органдардың есебі тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлер меншік иелерінің өз еркімен бас тартуының нәтижесінде 603 га жер мемлекет меншігіне қайтарылып құжаттары рәсімделуде.
ҚР Жер комитетінің төрағасы-ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеме жасады.
«Қайырлы күн қымбатты Достар!
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын атап өтеміз.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.
​Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз.
https://www.facebook.com/100039084435778/posts/969786434334162/?mibextid=cr9u03
https://www.facebook.com/10000…/posts/2421605568017624/…
Сонымен қатар, Кодекстің 38-бабының 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол берiлмейдi.
Егер кез келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылады және бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында» деп жазды ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика