• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Аймақты дамыту кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Кеңес мүшелері, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге «Шапырашты», «БМК» және «Сасық» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстарна зерделеу жүргізілді.
Жиын барысында аталған су арналарының күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізіліп, жауапты мердігер мекеме қызметкерлеріне қосымша ұсыныстар мен ескертулер жасалды.
Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 су арнасына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының -80%-ы, Чумчак 98%-ы, Сай ниже водопада- 95%- ы аяқталуға жақын.
Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.
Бүгін тиісті басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, кездесу барысында тұрғындар жауапты мамандарға өз ұсыныстары мен талаптарын ашық жеткізді. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр.
Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді.
Кеңес мүшелері жергілікті шаруалармен кездесіп, су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары тұрғындарға кедергі келтірмейтіндей, тиімді болатын тұстарын қарастырды.
Қазіргі таңда су арналарына бетон бағаналары қойылып, тоқу және орнату жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика