• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 11, 2023
Spread the love

Қызылсай елді мекеніндегі ауыз су құбырларының ескіргені, Тұран-2 шағын ауданындағы жарық мәселесі, жалпы алғанда қала аумағындағы инженерлік – инфрақұрылым саласына жасалған зерделеу жұмыстары бүгін «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту және Экономика және кәсіпкерлікті дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында сөз болды.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Сулайманов Лазиз Низамханұлы ашып, жүргізіп отырған жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы Абдукаримов Мақсат Серікұлы, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбдіхалықов Арман Әбдімүтәліұлы, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Бірлескен отырыста партияның Шымкент қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы және Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбдіхалықов Арман Әбдімүтәліұлының, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлының сала бойынша есептері тыңдалды.
Айта кетейік, аталмыш қоғамдық кеңестер 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша жұмыстарды атқаратын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика