• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРДІ

Автор:admin

Май 17, 2023
Spread the love

Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі, Юсупова Алия Мақсұтқызы партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оны оң шешуге ат салысуды сұрады. Халық қалаулысы азаматтарға денсаулық сақтау, тұрғын үй, несие тақырыптары бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету мүмкіндігін қарастырды.
Халық қалаулысының қоғамдық қабылдауына келгендердің дені – әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Фракция мүшесі тұрғындардың арыз-шағымдарын жіті тыңдап, көтерілген мәселелерге заң аясында жауап берді. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар көкейде жүрген сан түрлі сауалдарға тұшымды жауап алды. Халық қалаулылары, түрлі сала басқарма басшылары аманатын арқалап келген халыққа қол ұшын беріп, көмек қолын созып жүр.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 3242 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде: 324 пәтер- арендалық бағыттағы кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға табысталмақ. Сонымен қатар 111 арендалық пәтермен тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтамасыз етіледі. Сондай ақ 888 арендалық пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілсе, 1919 пәтер жеңілдетілген несиелік бағыттағы бағдарламалар арқылы азаматтарды баспанамен қамту көзделіп отыр.
Қоғамдық қабылдауда қалалықтар тарапынан көпбалалы аналарға ұйымдастырылатын әлеуметтік көмек, үй кезегі, жер дауы секілді мәселелер кеңінен қозғалды. Шешімін тапқандары алғысын айтуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика