• Чт. Ноя 28th, 2024
Популярные метки

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ -2-

Автор:admin

Апр 29, 2023
Spread the love

Жиында келесі мәселе бойынша сөз кезегін алған «BI Group» құрылыс холдингінің Шымкент-Түркістан өңірлері бойынша Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Қасым Алдабергенов құрылыс саласында орын алатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, жұмыс өндірісінің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының қамтамасыз етілмеуі немесе қолданылмауы, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігін оқытудағы кемшіліктер, еңбек және өндірістік тәртіптің бұзылуы және алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Отырыста одан өзге, «Petro Kazakhstan Oil Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Еңбекті қорғау бойынша Техникалық басшысы Ерлан Базаркулов компания тарапынан жүмыскерлерінің қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан шаралар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласында сақталып жатқан әрекеттер туралы баяндап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, қорытынды сөз «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берілді. Ең алдымен ол еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, азаматтардың денсаулығы мәселелері ҚР Кәсіподақтар Федерациясының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталып, өндірістік жарақаттануға жол бермеуді насихаттау, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйелерін ілгерілету және арттыру мақсатында ҚР КФ биыл 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялағанына тоқталып, кәсіподақ тарапынан осы бағытта қарқынды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
«Қазіргі таңда, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қызметкерлердің жарақаттану проблемалары аса өткір мәселеге айналып отыр. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын-алудың пәрменділігі мекеменің әрбір жұмыс орнынан басталады. Яғни мекеме басшылары мен қызметкерлердің жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Биыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2023 жылды — Қауіпсіз еңбек жылы аясында өткізудеміз. Себебі, біз үшін ең өзектісі, маңыздысы – адам өмірі. Еңбеккердің денсаулығы мен өмірін сақтау жолында күш-жігерімізді біріктірдік. Бұл орайда өндірістегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселесіне жіті назар аударылуда. Әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында тұрады. Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі екенін ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі өткізіліп отырған жиынымыздың мақсаты да осы, аталған мәселелердің оң шешілуіне өз кезегінде үлесін қосады деп сенемін,» — деді АКБ төрағасы Бауыржан Әлтеев.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Үш жақты комиссияның отырысында қарастырылған сұрақтар бойынша хаттама әзірленіп, ұсыныс пікірлер қабылданып, алдағы уақытта тараптарға жұмыс жүргізу үшін жолданатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика