• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӨҢІРАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Май 4, 2023
Spread the love

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков жергілікті бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелерімен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан «Шипа» шипажайында өткен кәсіподақтардың өңіраралық екі күндік семинарына қатысты. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысының кәсіподақ белсенділерін топтастырған өңіраралық семинарда «Ұжымдық шарт», «Медициналық кәсіпорындардағы келісім комиссиясы», «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі», «Еңбек қатынасындағы жазатайым оқиғалар», «Дәрігерлердің кәсіби қызметіндегі құқықтық қорғау механизімнің Алгоритмін жасау» тақырыптарында дәріс оқылды. Одан өзге, семинарда еңбек заңнамасы және медицина қызметкерлерінің қызмет бабындағы құқықтары, денсаулығы бойынша медициналық көмекке жүгінушілермен қарым- қатынастың құқықтық реттелуі талқыланды. Кәсіподақ белсенділеріне оқу барысында жұмыскерлердің Ұжымдық шартқа қосылу тәртібін, оның құқықтық қорытындысын, Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен еңбек Заңнамасына енгізілген өзгерістерді, еңбек дауларын қарау тәртіптері бойынша заң жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының дәріскерлер пулы мүшесі Майра Боранбаева әңгімеледі. Ал Шымкент қаласынан барған лектор «Еуро Азиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Акшегирова медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғау механизмін жасау, қызметкерлер мен пациенттердің қарым-қатынасын құқықтық реттеу бойынша медиацияны қолдану тәртіптері туралы дәріс оқыды. Екі күндік семинар қорытындысымен семинар қатысушыларына «SENIM» кәсіподағының Сертификаттары табысталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика