Ол бойынша: Өнеркәсіп. Облыста 243,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне 102,0% құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 48,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 118,5 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 41,7%) өнімінің нақты көлем индексі – 100,1%, немесе өнім көлемі 101,7 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 20,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 104,9% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 116,7% құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде ет – 51,5%-ға (5,0 мың тонна) өзгеде алкогольсіз сусындар – 2,1%-ға (11,6 млн. литр). Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 157,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 32,5 млрд. теңгені (100,0%), мал шаруашылығы – 123,5 млрд. теңгені құрады (101,6%). Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 74,5 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 230,4 мың тонна – сүт, 83,1 млн. дана – жұмыртқа өндірілді. 2022 жылдың 1 мамырда облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы қой саны – 5 648,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 101,9%, жылқы – 421,2 мың басты, немесе 102,8%, түйе – 39,5 мың басты, немесе 101,7% құрады. Көлік және байланыс. 2022 жылғы қаңтар-сәуірде тасымалданған жолаушылар саны 67,5 млн. құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 116,3% көрсетті. Жолаушы айналымы 484,9 млн. жкм және 2021 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 148,6% құрады. 2022 жылғы қаңтар-сәуірде байланыс қызметтерінің көлемі 2,4 млрд. теңгені және 2021 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 108,1%, одан халыққа көрсетілгені, тиісінше 1,2 млрд. теңгені құрады. Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесі – 49,1% Интернет желісінің қызметіне тиесілі. Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 мамырға 149,8 мың бірлікті немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 106,4% құрады.ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2022 жылғы 1 қаңтарға 220,3 мың адамды, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,6% құрады. ШОК субъектілерінің 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанда өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 1 209,1 млрд. теңгені құрап, 25,2%-ға артты. Сыртқы сауда. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 119,8 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 126,0%-ды құрады. Салықтық-бюджеттік сала. 2022 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 120,2 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 102,5% құрады. Республикалық бюджет 76,2 млрд. теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 63,4%) немесе жоспарға – 103,3% құрады. Жергілікті бюджетке 43,9 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 101,2 % құрады. Демография. 2022 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 2 082,5 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,6%-ға артты. Халықтың табысы. 2021 жылғы ІV тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 74 015 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға, нақты ақшалай табыс 100,4%-ды құрады. Денсаулық сақтау. 2022 жылы бюджет есебінен 21,2 млрд. теңге қарастырылған. 1.05.2022 жылға оның 4 336,2 млн. теңгесі игерілді. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатына 4,7 млрд. теңге, қарастырылды. Сала желісі 746 денсаулық сақтау мекемелерінен құралады, оның ішінде: 1 – облыстық медициналық жабдықтау базасы, 33 – аурухана, 712 – амбулаторлы-емханалық мекеме, медициналық пункт, фельдшерлік-амбулаториялық пункт және басқалары. Білім беру. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 1 жастан 6 жасқа дейін – 97,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 99,1% құрады. Жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 951 бірлікті, ондағы оқушылар саны – 508,6 мың адамды құрады. Оның ішінде, 951 мектеп – байланыс және интернет жүйелеріне қосылған, 951 мектепте 2 984 интерактивті тақталар орнатылған. Мектептер 85,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе 1 компьютерге – 5,9 оқушыдан келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991-1992 жылдар, екінші кезең — 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында – бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада – “КЕГОК”, телекоммуникацияда – “Қазақтелеком”, темір жолда – “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша-қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
R-ақпарат