Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңесінің көшпелі жиыны өтті. Көшпелі жиынға филиал жанындағы кеңестің төрағасы Жеңісбек Тұрғанов, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сейтжанов, кеңес мүшелері және партия филиалының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы тармақтардың жүзеге асырылуы талқыланды. Зерделеу жұмыстары Бозарық, Тұран және Шымсити елді-мекендерінде 2022 жылдың күз айы мен 2023 жылдың көктем айында отырғызылған ағаш көшеттерінің бүгінгі ахуалына жүргізілді.
Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында аталған аллеяға қалалық ассамблея мүшелері 100 түп ағаш көшетін отырғызған болатын. Бұл күні де этнос көшбасшылары мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылығы 18 түп көшет отырғызып, аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.
Бүгінде Шымкентте тұратын 1 192 120 (2023 жыл басындағы статистикалық дерек) халықтың 70,9 пайызын – қазақтар, 15,8 пайызын – өзбектер, 6,3 пайызын – орыстар, 1,8 пайызын – әзірбайжандар, 0,9 пайызын – татарлар және қалған 4,3 пайызын – өзге этностар құрайды.
Сонымен қатар, Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды.
Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Мұнда үйеңкі, айлант, ясень секілді ағаш көшеттері егілді. Бұл мақсатқа 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Қазір қоқыс полигоны 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр.
Қалалық ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым мемлекеттік саясат аясында кешенді жұмыстарды атқаруға жұмылдырылған.
Кеңес мүшелері көшпелі басқосуда сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша басқарма басшылығымен орман қызметкерлеріне бірқатар ұсынысын жеткізді.