• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз тиімділігін беруде.

Автор:admin

Июн 12, 2022
Spread the love

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін толық қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен орын алады.

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Н.Иманқұловтың ұйытқы болуымен өткен басқосу барысында «DAMU» АҚ-ның ТО бойынша өкілі Н.Азизовтың және «Halyk Bank» АҚ-ның ТО бойынша басшысының орынбасары А.Келдібаевтың қатысуларында кәсіпкерлік тақырыбында түйткілді мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлерге 6% бен жеңілдетілген несие беру бағдарламалары, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламаларының қаржыландыру шарттары туралыда толық ақпарат берілді. Жолдары көрсетілді.

Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. үркістан облысын кешенді жұмыстар облыстың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Халық сумен жабдықтау қызметтерімен 100%, газбен жабдықтау қызметтерімен 85,4% қамтамасыз етілетін болады. АӨК саласында бес жыл ішінде 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жалпы өнім көлемін 729 млрд-тан 1,3 трлн теңгеге дейін арттыруға және еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бес жыл ішінде 5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй, 130 жаңа мектеп, 10 денсаулық сақтау нысанын, рухани-мәдени орталық және басқа да әлеуметтік сала нысандарын салу жоспарланған«, -деді ол.

Айтуынша, өңірде көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылады.

«Түркістан, Шымкент және Ташкент қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу, Түркістанда жаңа теміржол және авто вокзалдар салу жоспарда бар. Аталған шаралар жалпы өңірде өнеркәсіп көлемін 35%-ға, еңбек өнімділігін 52%-ға арттыруға жол ашады»

Түркістан облысының әкімшілік-территориялық бөлінісі 13 аудан мен облыс қарамағындағы 3 қаладан тұрады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы осы көрсетілген аудандармен біртұтас жүргізіліп келеді. Бұл ретте жаңадан облыс орталығы болып құрылған Түркістан қаласы мен оған көршілес жатқан аудандар мен қалалардың экономикалық әлеуеті зор болып табылады. Қазіргі кезде, Түркістан облысына қарасты Арыс, Жетісай, Ленгер, Шардара, Сарыағаш қалалары шағын қала статусына ие. Ал, Түркістанға көршілес жатқан Кентау қаласы моноқала мәртебесінде. Өңір территориясына шашыраңқы орналасқан бұл шағын қалалардың қызметі орталық Түркістан үшін географиялық тұрғыда алшақ болғанымен, стратегиялық маңызы зор десек болады.

Шағын қалалардың өңірлік дамуда алатын орны әртүрлі сипатта болады. Себебі, шағын қалалар – бұл өңірдің құрылымдық элементі болып табылады. Сондықтан, Түркістан облысының дамуы шағын және моно-қалалардың қызметімен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, шағын қалалар агро-өндірістің, өнеркәсіптің және табиғи байлықтың ошағы болып отыр. Соның негізінде шағын қалалардың белсенділігі өңірлік экономиканың дамуына ықпал етеді.

Түркістан облысындағы бірқатар қала және аудандардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2017 жылғы статистикалық деректер бойынша: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі (млн теңге) – Арыс қ. – 2,855; Кентау қ. – 130,516; Сарыағаш ауд. – 2,556; Шардара ауд. 8,596; Төле би ауд. – 8,089; Мақтаарал ауд. (Жетісай ауд.) – 5,467.

2017 жылғы деректердегі бұл ерекшеліктер сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз моно-қала болып саналатын Кентау қаласына ерекше мән беріліп, көптеген инвестициялар тартылған. Бұл 2012 жылы «Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін еліміз бойынша 27 моно қала таңдап алынды. Оның ішіне жоғары әлеуетті – 6, орта әлеуетті – 19 және төменгі әлеуетті – 2 қала бекітілді. Қазіргі Түркістан облысы бойынша Кентау қаласы осы бағдарламаға кірді. Соның негізінде Кентау қаласында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Себебі, моно қалаларды дамыту бағдарламасына еліміз бойынша кең өндіру қалаларына 21 қала кірді. Соның қатарында Кентау қаласы металл рудаларын өндіру бойынша тіркелді. Жалпы, Қазақстан бойынша моно қалалардың типологиялық бөлінісі қала құраушы мекемелердің қызметімен өлшенді. Бұл тұрғыда Кентау қаласында қала қалыптастыратын мекеменің болмағандығы белгілі болды. Еліміз бойынша мұндай типтегі қалаларға Кентаумен қоса Серебрянск және Текелі қалалары кіреді. Алайда, тәуелсіздік жылдары экономикасы тұралап қалған осындай қалалардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған аталмыш жоба жан-жақты іске асырыла бастады.

Осы мақсаттарға сәйкес 2012 жылы Кентау қаласында 35 жоба қолға алынып, оған 235,9 млн. теңге, 2013 жылы – 428,5 млн. теңге, 2014 жылы – 1623,4 млн. теңге, 2015 жылы – 1800,1 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаржы негізінен экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамытуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Себебі, Кентау қаласының әлеуметтік және инфрақұрылымының 60 %-ның тозығы жеткен еді.

2018 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуір аралығында Кентау қаласының экономикалық дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 73,0 млн. теңгені құраса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан – 1 сәуіріне дейін бұл көрсеткіш 2563,9 млн. теңгеге жеткен. Жалпы, қазіргі кезде қаланың 7,759 бірлік белсенді және шағын кәсіпкерліктің субъектілері жұмыс істеп тұр [5]. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өскендігін көрсетеді. (2017 жылы қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2593 бірлік болған.). Бұл үрдіс 2018 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығының көршілес Түркістан қаласына ауысқандығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, Кентау қаласында «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр.

2017 жылдың өзінде Кентаудың өнеркәсіп өндірісі көлемі – 26,368 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, бөлшек сауда айналымы – 2,481,3 млн. теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 3,242,1 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштердің қысқа уақыт ішінде өзгеруі Кентау қаласының экономикалық базасының әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Түркістан облысы экономикасының негізгі тірегі болып табылатын – шағын қалалар. Шағын қалалардың территориялық орналасуы әртүрлі болғанымен, олардың әрқайсысы өзіндік стратегиялық маңызға ие. Облыс территориясында орналасқан бұл қалалардың экономикалық базасын анықтау үшін белгіленген қалаларды бірнеше бағыттар бойынша қарастыруымыз керек. Біріншіден өндіріс орталықтары болып табылатын қалалар ретінде машина жасау, құрылыс, мақта-мата тоқу және тамақ өнеркәсібі бойынша Төле би ауданындағы Ленгер қаласын қарастырсақ болады. Ленгер және Шардара қалалары көкөніс өндеу цехтарының жұмыстары бойынша да көзге түседі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бойынша Жетісай қаласын аламыз. Бұл тұрғыда жеміс-жидек өндеу, балаларға арналған тамақтарды өндеуде Жетісаймен бірге Сарыағаш және Ленгер қалаларының қызметі зор. Екіншіден, электроэнегрия өндіру саласы бойынша Шардара қаласының маңызы зор. Үшіншіден өнеркәсіптік-транспорттық орталық ретінде – Арыс қаласын көрсетеміз. Себебі, Арыс қаласы темір жол бойында орналасқан. Орынбор – Ташкент теміржол желісін байланыстырады. Туризм және денсаулықты қалпына келтіру саласы бойынша – Сарыағаш қаласын ерекшелеуге болады. Сарыағаш сауықтыру орталығы қазіргі кезде республикаға және өңірлік деңгейде белгілі болып отыр. Сонымен қатар, туристік нысан ретінде келешекте Шардара су қоймасында жағажай туризмінің келешегі зор. Бұл ретте Түркістан облысының туристік кластерін жан-жақты дамыту бағдарламалары аталмыш аудандарда да өз қызметін атқаратын болады.

Түркістан облысындағы шағын қалалар мен аудандардың экономикалық әлеуеті көрсетілген. Мысалы, Сарыағаш ауданының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 27,223 млн. теңгені құрайды. Бұл 2017 жылғы Түркістан қаласының өнеркәсіптік өндірісі көлемінен 47,2 % артық болған. Сондай-ақ аталмыш ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі бойынша Түркістан қаласынан 2 есеге асып отырған. Сонымен қатар, қалалардың экономикалық өсуінде территориялық орналасуының маңыздылығы осы кестеден көрініп тұр. Мысалы, Сарыағаш және Мақтарал яғни Жетісай қаласының көрсеткіштері (Жетісай ауданы 2018 жылы 5 маусымда Мақтарал ауданынан бөлініп шықты. Орталығы Жетісай қаласы) ауылшаруашылығы өнімдері мен белсенді шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер саны бойынша ерекшеленеді. Бұл аудандардың Өзбекстанмен шекаралас орналасуымен байланысты болып отыр. Қазіргі кезде Арыс қаласынан өтетін Өзбекстан Республикасы шекарасы – Шардара – Арыс – Темірлан автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған облыс бюджеттен 1 180,0 млн. теңге бөлінген. Бұл өңірдің көршілес елдермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға белсенді екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Шардара қаласындағы кейбір кәсіпкерлік нысандардың формасы отбасылық кәсіптің бағытына ауысқандығын көрсетеді. Қорытындылай келе, Түркістан облысында орналасқан моно және шағын қалалардың экономикалық өрлеуі өңірдің әл-ауқатының жақсаруына оң ықпал ететін болады. Бұл жергілікті экономиканың әртараптануы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсаруы мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көбеюі нәтижесінде жүзеге асырылады. Жоғарыда келтірілген мәліметтердегі көрсеткіштер бойынша жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы іргелес жатқан моно және шағын қалалармен бірге паралель дамитын болады. Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан мен қала тұрғындарымен кездесулерде облыс басшылығы тарапынан осы бағытта түсіндірме және насихат жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
– Елдің кәсіпкерлікке деген ықыласы жақсы. Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы 42,9 млрд. теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 2,2 млрд. теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн. теңгені құрады, – деді Ө.Шөкеев. Қазіргі таңда өңірде Түркістан облысы әкімдігінің тиісті басқармалары арқылы кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жеңілдіктер алу жолын түсіндіру бойынша ауылдарда, қалаларда семинар-кеңестер жалғасып жатыр. Облыста инвестиция көлемі де ұлғайған. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2021 жылдың қорытындысымен 2,3 есеге артып, (2018 ж. – 288,1 млрд. теңге) 660,3 млрд. теңгені құрады. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Түркістан облысы бойынша 2020-2025 жылдары 323,3 млрд. теңгеге, 4823 жаңа жұмыс орнымен 34 инвестициялық жоба енгізілген. 2020-2021 жылдары инвестициялық құны 13,6 млрд. теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2015 жаңа жұмыс орны құрылды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика