• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАР – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Автор:admin

Май 18, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясының «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің ZOOM платформасы арқылы отырысы өтті. Жиынға аймақтық кеңес төрағалары мен мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және білім басқармасының басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйлердің қолжетімділігі қаралды.
Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.
Жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан.
Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.
Айта кететін, биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 2833 пәтер жоспарланған. Оның ішінде 1621 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несиелік бағытта үлестіріледі. Бұл тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша Отбасы банк арқылы тапсырылады.
2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Атап айтқанда:
• Күншығыс ш.а., №11;
• Күншығыс ш.а., №14;
• Күншығыс ш.а., №40;
• Теріскей ш.а., №31;
• 17 ш.а., №14;
• 17 ш.а., №16А;
• 18 ш.а., №53;
• Ғ.Іляев көшесі №113/5;
Жиын соңында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша тиісті мекемелерге нақты жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика